Мүбәрак 114 сүренің қасиеттері 1. әл-Фатиха сүресі (Кітап ашушы), 7 аят: Бұл сүрені әрдайым оқып жүрген адамды Алла Тағала дүние және ахиреттегі тілектерін қабыл етеді. 2. әл-Бақара сүресі (Сиыр), 286 аят: Бұл сүрені оқушы адам жаманшылықтар мен дуадан аман болады. 3. Әли Имран сүресі (Имран жанұясы), 200 аят: Кімде-кім бұл сүрені оқитын брлса, Алла ол пендесіне күтпеген жерден байлық нәсіп етеді. 4. ан-Ниса сүресі (Әйелдер), 176 аят: Ерлі-зайыптылардың ара қатынасын жақсартады. Отбасында бірлік пен татулықты арттырады. 5. әл-Мәида сүресі (Асқа толы дастархан), 120 аят: 40 рет оқыған жанға Алла Тағала мол ризық, несібе нәсіп етеді. 6. әл-Ән'ам сүресі (Шаруа малдары), 165 аят: 41 рет оқыған адамның тоқтап тұрған ісі алға басады. 7. әл-А'раф сүресі, (Биік тосқауылдар) 206 аят: Ақырет азабынан қорғайды. 8. әл-Әнфал сүресі (Соғыс олжалары), 75 аят: Жазықсыз қамалып отырған жан 7 рет оқитын болса, Алланың қалауымен қамаудан құтылады. 9. ат-Тәубә сүресі (Тәубеге келу), 129 аят: 17 рет оқыған адамның бүкіл мұқтаждықтары жойылады. 10. Жүніс сүресі (Жүніс пайғамбар), 109 аят: 21 рет оқитын болса, Алла Тағала дұшпандардың жамандығынан сақтайды. 11. Һуд сүресі (Һұд пайғамбар), 123 аят: Судағы адам оқитын болса, судан келетін қауіп-қатерден аман болады. 12. Жүсіп сүресі (Жүсіп пайғамбар), 111 аят: Бұл сүрені үнемі оқып жүрген адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы жақсарады. 13. ар-Ра'д сүресі (Күннің күркіреуі), 43 аят: Жылаған балаға оқылса, ол бала жылауын тоқтатады. Сонымен қатар, жын-шайтандардың зияндығынан аман болады. 14. Ибраһим сүресі (Ибраһим пайғамбар), 52 аят: Ата-ананың разылығын алу нәсіп болады. 15. әл-Хижр сүресі (Хиджр), 99 аят: 3 рет оқыған адамның саудасы берекетті болады. 16. ан-Нахл сүресі (Аралар), 128 аят: 100 рет оқыған адам ізгі мақсаттарына қол жеткізеді. 17. әл-Исра сүресі (Түнгі сапар), 111 аят: 7 рет оқыса, арандатушылардың, өсекшілердің, көреалмаушылардың зияндығынан қорғалады. 18. әл-Кәһф сүресі (Үңгір), 110 аят: Жұма күні бір рет оқыса, келесі жұмаға дейін барлық бәлелерден және ақырет фитнасынан аман болады. 19. Мәриям сүресі (Мәриям), 98 аят: 41 рет оқыса, кедейліктен арылады. 20. Та һа сүресі (Та һа), 135 аят: 21 рет оқыған адамның ісі алға басады. 21. әл-Әнбия сүресі (Пайғамбарлар), 112 аят: Ұрпағынан тақуа жандардың шығуын қалаған адам осы сүрені оқығаны абзал. 22. әл-Хаж сүресі (Қажылық), 78 аят: Үнемі оқып жүрген жанның өлімі жеңіл болады. Қиямет қорқынышынан аман болады. 23. әл-Му'минун сүресі (Мүміндер), 118 аят: Үздіксіз оқыған жанға көркем мінез нәсіп болады. 24. ан-Нур сүресі (Нұр), 64 аят: Үнемі оқу иманның күшеюіне себепкер болады. 25. әл-Фурқан сүресі (Ажыратым), 77 аят: Қайырлы, салихалы ұрпағының болғанын қалаған адам осы сүренің 74-аятын үнемі оқып жүруі керек. Ағаштардың мол жеміс беруі үшін осы сүренің 48-49 аяттарын сол ағаштардың топырағына оқыған жөн. 26. аш-Шу'ара сүресі (Ақындар), 227 аят: 7 рет оқыса барлық адаммен қарым-қатынасы жақсарады. 27. ән-Нәмл сүресі (Құмырсқалар), 93 аят: Үнемі оқып жүрген жанды Алла Тағала түрлі бәлелер мен сиқырдан қорғайды. 28. әл-Қасас сүресі (Қисса), 88 аят: 7рет оқыған адамды Алла Тағала апаттардан сақтайды. 29. әл-'Анкәбут сүресі (Өрмекші), 69 аят: Ұмытшақтықты кетіру үшін осы сүрені жазып, суға салып ішу керек. 30. ар-Рум сүресі (Римдіктер), 60 аят: Соғыс кезінде жеңіске жету ниетімен 3 рет оқылса, Алла Тағала ниетіне жеткізеді. 31. Луқман сүресі (Луқман), 34 аят: Тәни және рухани аурулардан сауығу үшін 7рет оқыған жөн. 32. әс-Сәждә сүресі (Сәжде), 30 аят: Оттан келетін қауіптерден аман болу үшін бұл сүрені жазып, беті жабық ыдыста сақтау керек . 33. әл-Ахзаб сүресі (Біріккен күштер), 73 аят: 41 рет оқыған адамның табысы мол әрі берекетті болады. 34. Сәбә' сүресі (Сәбә' патшалығы), 54 аят: Мұқтаждықтардан арылу үшін 70 рет оқу керек. 35. Фатыр сүресі (Жаратушы), 45 аят: Осы сүрені оқыған адамды Алла Тағала жын-шайтандардан сақтайды. 36. Ясин сүресі (Йа Син), 83 аят: Әр күні оқыған адам Қағбаны 20 рет тәуап еткендей сауап алады. 37. ас-Саффат сүресі (Сапқа тізілгендер), 182 аят: 7 рет оқыған адамның ризығы артады. 38. Сад сүресі (Сад), 88 аят: Үнемі оқыған адам ең үлкен жауының (шайтанның) зияндықтарынан аман болады. 39. әз-Зумәр сүресі (Бұқара), 75 аят: Үнемі оқып жүрген жанның Алла алдындағы дәрежесі жоғары болады. 40. Ғафир сүресі (Кешірімді), 85 аят: 7 рет оқыған адамның қалауы мен қажеттілігін Алла Тағала нәсіп етеді. 41. Фуссиләт сүресі (Түсіндіруші), 54 аят: Бір рет оқыған жан ұры-қарылардың зияндығынан сақталады. 42. Аш-Шура сүресі (Кеңес), 53 аят: Кімде-кім бұл сүрені көп оқитын болса, Алла Тағала оны дұшпандарынан қорғайды. 43. әз-Зухруф сүресі (Әшекейлер), 89 аят: Шайтанның уәсуәсасынан сақтану үшін оқып жүрген абзал. 44. ад-Духан сүресі (Түтін), 59 аят: Оқып жүрген адам көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленеді. 45. әл-Жәсия сүресі (Тізебүккендер), 37 аят: Сапардағы адам 40 рет оқитын болса, сапары қайырлы болмақ. 46. әл-Ахқаф сүресі (Құм төбелер), 35 аят: Маталарға күйе түспеу үшін осы сүрені жазып, шкафқа қою керек. 47. Муһаммад сүресі (Мұхаммед пайғамбар), 38 аят: Соғыс уақытында 41 рет оқылса, әскер амандықта болады. 48. әл-Фәтиһ сүресі (Жеңіс), 29 аят: Бұл сүрені көп оқыған адамның істері алға басады. 49. әл-Хужурат сүресі (Бөлмелер), 18 аят: Дертіне шипа таппаған адам осы сүрені 7 рет оқитын болса, инша Алла дертіне шипа табылады. 50. Қаф сүресі (Қаф), 45 аят: Әр жұма кешінде 3 рет оқыған жанның жанары нұрланады. 51. әз-Зарият сүресі (Соғып ұшырушы желдер), 60 аят: Таршылық кезінде көп рет оқыса, тапшылықтан құтылады. 52. ат-Тур сүресі (Тау), 49 аят: Науқас адамға 3 рет оқып, дем салса, науқас ауруынан айығады. 53. ән-Нәжм сүресі (Жұлдыз), 62 аят: 21 рет оқыған жан ізгі мақсат-мұраттарына қол жеткізеді. 54. әл-Қамар сүресі (Ай), 55 аят: Үнемі оқып жүрген жан қорыққан нәрсесінен аман болады. 55. ар-Раһман сүресі (Қайырымды), 78 аят: Бұл сүрені оұыған адамның үйінде және саудасында береке болады. 56. әл-Уақи'а сүресі (Болуы сөзсіз), 96 аят: Ақшам мен құптан намаздарының арасында оқығанның пайдасы зор. 57. әл-Хадид сүресі (Темір), 29 аят: Көп рет оқыса, ол адамның ісі алға басады. 58. әл-Мужәдәлә сүресі (Салғыласушы әйел), 22 аят: Бір уыс топыраққа оқып, дұшпанының үстіне шашса, дұшпаны жеңіліске ұшырайды. 59. әл-Хашр сүресі (Қуылу), 24 аят: Мұқтаждыққа тап болған адам 3рет оқуы керек. 60. әл-Мумтәхинә сүресі (Сыналушы), 13 аят: Үнемі оқып жүрген жанның күмәндардан арылады. 61. әс-Сафф сүресі (Қатарлар), 14 аят: 3 рет оқып үстіне дем салса, қастандықтардан сақ болады. 62. әл-Жум'а сүресі (Жұма), 11 аят: Араздасқан адамдарға оқылса, татуласады. 63. әл-Мунафиқун сүресі (Мунафықтар), 11 аят: Көп рет оқыған адам көреалмаушылардың зияндығынан аман болады. 64. әт-Тәғабун сүресі (Көңіл қайту), 18 аят: Сақталатын затқа 7 рет оқу керек. 65. ат-Таләқ сүресі (Ажырасу), 12 аят: Жаман әйелдің зияндығынан аман болу үшін 7 рет оқу қажет. Борышкер адам борышынан құтылу үшін де оқыса болады. 66. ат-Тахрим сүресі (Тыйым салу), 12 аят: Жанұя жарасымдылығы мен отбасылық өмірдің қайырлы болуы үшін үнемі оқып жүру керек. 67. әл-Мулк сүресі (Билік), 30 аят: Бәле-жалалардан аман болу үшін 7 рет оқыған жөн. 68. әл-Қалам сүресі (Қалам), 52 аят: Көз тиюден сақтайды. 69. әл-Хаққа сүресі (Хақ), 52 аят: Оқып жүрген жанның дұшпандары жоғалады. 70. әл-Мә'ариж сүресі (Баспалдақтар), 44 аят: Көп рет оқыған адам қиямет қорқыныштарынан аман болады. 71. Нұх сүресі (Нұх пайғамбар), 28 аят: Бір рет оқыған адамның дұшпандары жоғалады. 72. әл-Жин сүресі (Жын), 28 аят: Жын-шайтандардың кесірінен, көз тиюден сақтайды. 73. әл-Муззәммил сүресі (Бүркеніп жатушы), 20 аят: Қорқақ балаға оқылады. 74. әл-Муддәссир сүресі (Жасырулы), 56 аят: Оқып жүрген жанды Алла Тағала барша жамандықтардан сақтайды. 75. әл-Қиәмә сүресі (Қайта тірілу), 40 аят: Қацта тірілер күнгі қиыншылықтардан қорғайды. 76. әл-Инсан сүресі (Сана иесі), 31 аят: Оқып жүрген жанды Алла Тағала барша жамандықтардан сақтайды. 77. әл-Мурсәләт сүресі (Эмиссарлар), 50 аят: Жазықсыз жалаға ұшыраған жан оқыр болса, жабылған жаладан құтылады. 78. ән-Нәбә' сүресі (Жаңалық), 40 аят: Екінті намазынан соң үнемі оқып жүрген жпнның қабірі жарық болады. 79. ән-Нази'ат сүресі (Жанды суырушылар), 46 аят: Жан тапсыруы жеңіл болады. 80. Абәсә сүресі (Томсыраю), 42 аята: Мұқтаждықтарынан арылғысы келген адам 3 рет оқығаны абзал. 81. әт-Тәкуир сүресі (Күн бүктелген сәтте), 29 аят: Бұл сүрені суға оқып, ол сумен ауырған көзді жуар болса, ин шаа Алла көзіне ем болады. 82. әл-Инфитар сүресі (Жару), 19 аят: Оқып жүрген жан Алланың қалауымен тәубемен жан тапсырады. 83. әл-Мутаффифин сүресі (Саудада алдайтындар), 36 аят: Саудасы мен табысы берекелі болғаеые қалаған жан 7 рет осы сүрені оқығаны абзал. 84. әл-Иншиқақ сүресі (Бөліну), 25 аят: Босануы қиын болған әйелге оқылады. 85. әл-Буруж сүресі (Жұлдыздар тобы), 22 аят: 20 рет оқыған адам жын-шайтандардың зияндығынан аман жүреді. 86. ат-Тариқ сүресі (Түнгі жолаушы), 17 аят: Ішетін дәріге оқитын болса, ол дәрі ауыруынан сауығуға себепкер болады. 87. әл-А'лә сүресі (Аса биік), 19 аят: Бау-бақшаға оқылатын болса, Алла Тағала ол жерді түрлі залалдардан сақтайды. 88. әл-Ғашия сүресі (Қаптайтын қиямет), 26 аят: Ревматизм және тіс ауруларына оқылады. 89. әл-Фәжр сүресі (Арай), 30 аят: Ашу-ызадан қорқану үшін оқылады. 90. әл-Бәләд сүресі (Қала), 20 аят: Барлық рухани ауруларға қарсы оқылады. 91. әш-Шәмс сүресі (Күн), 15 аят: Көп рет оқыған адам бүкіл қорқыныштардан аман болады. 92. әл-Ләйл сүресі (Түн), 21 аят. Қорыққан шақта жеті рет оқыған жөн. 93. ад-Духа сүресі (Таң), 11 аят: Малын ұрлатқан кісі 41 рет оқуы керек. 94. аш-Шарх сүресі (Жұбату), 8 аят: Жаңа киім кигенде 3 рет оқыса, ол киімі қайырлы болмақ. 95. ат-Тин сүресі (Інжір), 8 аят: Көп рет оқып жүрген жанның барлық адаммен қарым-қатынасы жақсарады. 96. әл-'Аләқ сүресі (Қою қан), 19 аят: Кімде-кім осы сүренің алғашқы бес сүресін жазып, күн көзі түспеген суға салып, (ораза ұстаған күндері ауыз ашар уақытында дәретті күйде) ашқарынға ішіп жүрер болса, ол жанның есте сақтау қабілеті артады. 97. әл-Қадр сүресі (Қадір), 5 аят: Жұмаға қараған түнде 1000 рет оқыған жанға Адамзаттың Асылын (с.а.у.) түсінде көру нәсіп болады. 98. әл-Бәйинә сүресі (Ашық белгі), 8 аят: Кімде-кім бұл сүрені оқитын болса, Алла Тағала ол адамның діні мен дүниесін сақтайды. Әрі ол адам үшін истиғфар ететін періштелерді тағайындайды. 99. әз-Зілзалә сүресі (Зілзәлә), 8 аят. Намазда оқуды әдетке айналдырған адамның дүниелік істері қайырлы болады. 100. әл-'Адият сүресі (Шабушылар), 11 аят: Түрлі апаттардан аман болады. 101. әл-Қари'а сүресі (Дүрсіл), 11 аят: Араздасқан жандарды татуластыру үшін оқылады. 102. әл-Тәкәсур сүресі (Көбею), 8 аят: Күнде оқып жүрген жан қабір азабынан құтылады. 103. әл-'Аср сүресі (Уақыт), 3 аят: 70 рет оқыған жанның қиындықтары кетеді. 104. әл-Һумәзә сүресі (Қорлаушы), 9 аят: Нәпіл ғибадаттардан кейін үнемі оқып жүру ризықты арттырады. 105. әл-Фил сүресі (Піл), 5 аят: Дұшпанға қарсы көп оқу керек. 106. Қурәиш сүресі (Қурәиш), 4 аят: Қандай да бір өсіп тұрған жеміс-жидектер мен егіншілікке жеті рет оқылатын болса, жемісі берекетті болады. Сонымен қатар бұл сүрені мінездің көркемделуі үшін жеті реттен оқып жүрген дұрыс. 107. әл-Мә'ун сүресі (Қайыр), 7 аят: Кішкентай балаға 41 рет оқып дем салынар болса, ол баланы Алла Тағала басқа келер бақытсыздықтардан сақтайды. 108. әл-Кәусәр сүресі (Молшылық), 3 аят: 1000 рет оқыған адамға Жұмақтағы бұлақ Кәусардан су ішу нәсіп болады. 109. әл-Кәфирун сүресі (Сенбейтіндер), 6 аят: Әр күні оқып жүру күпірліктен сақтайды. Сонымен қатар, бұл сүрені Ықылас, Фәлақ, Нас сүрелерімен қатар оқыса, ризығы артады. 110. ан-Наср сүресі (Көмек), 3 аят: Шайтанның шырмауынан аман болу үшін үнемі оқып жүру керек. 111. әл-Мәсад сүресі (Пальма талшығы), 5 аят: Ұйқыдан шошып оянатын жандар бұл сүрені ұйықтар алдында 3 рет оқып жатуы керек. 112. әл-Ықылас сүресі (Ықылас), 4 аят: Өлім аузында жатқан сырқат адам бұл сүрені үздіксіз оқып жатса, қабірде сұраққа тартылмайды. Ол адам ды сырат көпірінен періштелер алып өтеді және періштелер көтеріп жүреді. 113. әл-Фәлақ сүресі (Таңсәрі), 5 аят: Әр намаздың соңында үш рет оқып жүрген жанды Алла Тағала түрлі бәлелерден қорғайды. 114. ан-Нас сүресі (Адамзат), 6 аят: Соңғы демде жатқан адам бұл сүрені оқыр болса, жан тапсыруы жеңіл болады.

Теги:

Теги других блогов: